Шымкент қаласында «Медиация – дауларды тиімді шешу жолы» акциясы өтті

13 февраля 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шымкент қаласы прокуратурасының «Құқық қорғау қызметтері орталығында» кәсіби медиаторлардың қатысуымен «Медиация – дауларды тиімді шешу жолы» акциясы өтті.

Акция аясында прокурор, адвокат және кәсіби медиаторлар қоғамдық қабылдау өткізіп, 47 тұрғындарға құқықтық кеңес беріліп жер, мүлік, қарыз ақша, алимент өндіру даулары бойынша медиациялық тәртіпте 8 келісім түзілді.

Мысалы, заңды некелері бұзылғаннан ерлі -зайыптылар арада ортақ мүлікті бөлу дауын сотқа дейін өзара келісімдері арқылы оң шешім қабылданып, нәтижесінде тараптар бітімгершілікпен алимент төлеуден өз еріктерімен бас тартты.

Жер телімдері бір-біріне беттесіп орналасқан  ағайындылардың арасындағы дау медиациялық келісіммен аяқталды.

Шараның мақсаты - азаматтардың түйінді мәселелерін және дауларын бітімгершілікпен шешуге құқықтық көмек көрсету.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы