Шымкент қаласының прокуроры Қожабаев Мақсат Аманқұлұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қожабаев Мақсат Аманқұлұлы 1974 жылы 13 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында дүниеге келген.
 
1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.
 
1997-2001 жылдар аралығында Шымкент қалалық прокуратурасында түрлі қызметтер атқарды.
 
2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы прокурорының орынбасары, 2002 жылы қылмыстық істер бойынша қаулыларының заңдылығын қадағалау басқарма басшысының орынбасары, 2003 жылы сол басқарманың басшысы қызметіне тағайындалды.
 
2004 – 2008 жылдар аралығында Сарыағаш ауданының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуроры қызметін атқарды.
 
2009 – 2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары қызметтерінде болған.
 
2012 – 2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Кызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы.
 
2014 – 2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, одан соң Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы қызметін атқарған.
 
2016 - 2017 жылдары Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.
 
Соңғы атқарған қызметі Жымбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.
 
2018 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды.
 
Жалпы қызмет өтілі  - 26 жыл.
 
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
 
III-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», I және II дәрежелі «Прокуратура үздігі», II дәрежелі «Қаржы полициясының үздігі», «Ерлігі үшін» медалімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» «Қазақстан Республикасының Прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Қаржы полициясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалдерімен марапатталған.