Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында прокурорлық қадағалау

07 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылдың 10-шы қазанында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңадан қабылданған заң (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енді.

Заңның талаптарына сәйкес құрылыс салушы азаматтардың ақшасын екі жағдайда ғана тарта алады:

- «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ-мен шарт болған жағдайда (Заңның 8 бабы);

- Жергілікті атқарушы органның рұқсаты болған жағдайда (Заңның 9, 10 баптары).

Осы талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 320-бабында әкімшілік жаза көзделген.

Дегенмен, тәжірибеде құрылыс салушы жоғарыда көрсетілген Заңның талаптарын бұзып, яғни тиісті рұқсат алмастан немесе кепілдік беру туралы шарт жасаспай, азаматтардың ақшаларын тұрғын үйдің құрылысына  заңсыз тарту фактісі орын алған.

Атап айтқанда, Қаратау ауданы прокуратурасы жүргізген мониторинг нәтижесі көрсеткендей құрылыс салушы «Feb Group» ЖШС-і азаматтармен құрылысы аяқталмаған «Көкжайлау» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін сату-сатып алу туралы алдын-ала шарттар жасасу арқылы олардың ақшаларын тұрғын үйдің құрылысына заңсыз тартқан.

Сондықтан, Қаратау ауданы прокуратурасының талабы негізінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы құрылыс салушыға қатысты Кодекстің 320-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, қалалық мамандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 721 500 теңге айыппұл салынған.  

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, қала тұрғындарының назарына тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасудан бұрын  құрылыс салушы әкімдіктің тиісті рұқсатты немесе «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ-мен кепілдік беру туралы шартты барын анықтау қажеттігі ескертіледі.

 

Шымкент қаласы

Қаратау ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу