Шымкентте ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікті 2 айға қамалды

22 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұрлық жасау ниетімен бір отбасын қатыгездікпен өлтірді деген күдікті прокурордың өтініші бойынша қамалды.

2019 жылғы 19 ақпанда Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша айып тағылған 27 жастағы қала тұрғынына қатысты прокурордың өтінішін қанағаттандырып, тергеу амалдары аяқталғанға дейін оны 2 ай мерзімге қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қолданды.

Процестік прокурор ретінде айқындалған Шымкент қаласының прокуроры М.Қожабаев іске қадағалауды жеке жүргізетін болды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу