Шымкент прокуратурасы Алғыс айту күніне орай ашық есік күнін өткізді

01 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шымкент прокуратурасы Алғыс айту күніне орай  ашық есік күнін өткізді - 557357462

Шымкентте «Алғыс айту күні» мерекесіне орай қала прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығының ұйымдастыруымен медиация мәселесіне қатысты ашық есік күні өтті.

Акция аясында прокурор, адвокат және кәсіби медиаторлар қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті.

Шараның басты мақсаты шешімін таппаған түйінді мәселелердің сотқа дейінгі, не болмаса сот шешімін орындауға байланысты дауларды қарастырып, тараптардың бітімге келуге мүмкіндік бар екенін, одан басқа онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарды да бітімге келумен шешуге байланысты құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Жалпы Шымкент қаласының Құқық қорғау қызметтері орталығы  2017 жылдың 7 желтоқсанында ашылып, бүгінгі күнге дейін 3,5 мыңнан аса азаматтар прокурордың қабылдауында болған.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу