Шымкент қаласында бизнесті қорғау бойынша мобильдік топ жұмыс жүргізуде

14 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бизнесті қорғау жөніндегі Жол картасы шеңберінде қала прокуратурасы ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аймақтық басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, «NurOtan» қалалық филиалы және қала әкімдігімен бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Мобильдік топ құрған.

Мобильдік топтың мақсаты – мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу және бизнес кекедерг ікелтіру туралы өтініштер мен қоңырауларға жедел әрекет ету.

Кәсіпкерлер заңсыз тексерістер бойынша немесе мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты қала прокуратурасына 8 (7252) 53-91-84, 8-778-111-25-42, Абай ауданының прокуратурасына 8-700-552-55-99, Әл-Фараби ауданының прокуратурасына 8-702-699-04-55, Еңбекші ауданының прокуратурасына 8-701-505-05-84, Қаратау ауданының прокуратурасына 8-778-220-19-77 телефон нөмірлеріне хабар бере алады.

Шымкент қаласының прокуратурасы