Балалардың улануы бойынша

17 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шымкент қаласында өткен және биылғы жылы балалардың уланып өмірден өтуі жөнінде 2 факт орыналды.

2019 жылдың 3 қарашасында улану белгілерімен бір отбасы ауруханаға жатқызылды. Өкінішке орай екі кәмелет жасына толмаған бала өмір ден өтті.

2020 жылдың 13 ақпанында улану белгілерімен бір отбасының бес баласы ауруханаға жеткізіліп, сегіз айлық бүлдіршін өмірден өтті. 

Аталған фактілер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Бүгінгі таңда қала прокуратурасының нұсқауымен аталған екі қылмыстық іс бір өндіріске біріктіріліп, ҚК 304-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет).

Іс бойынша процесс прокуроры айқындалған.

Тергеу барысы қала прокурорының бақылауында.