Шымкентте қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру бойынша семинар өтті

13 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен қалалық Полиция департаментінің ғимаратында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналып қылмыстық істерді тергеу және анықтау сапасын арттыру мақсатында семинар кеңес ұйымдастырылды.

Іс-шараға Шымкент қаласы прокуратурасының қызметкерлері және Полиция департаментімен Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қала прокурорының бірінші орынбасары қылмыстық істерді тергеу сапасы және қылмыстық процестің барлық кезеңінде қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдану азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сондай-ақ жиында сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының атына елеулі қылмыстық-процестік заңдылықты бұзушылықтарға жол бергені үшін соттар тарапынан жекеше қаулы шығарылғаны аталды.

Жиынға қатысушылар бұл бағытта жіберілген кемшіліктерді жою мақсатында арнайы жоспар түзіп, орындалуын қатаң бақылауға алу қажеттігі айтылды.

Кездесу соңында семинарға қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын жақсарту бойынша бір қатар ұсыныстар қабылдады.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу