Бизнесті қорғау бойынша Мобильдік топ құрылды

13 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылға арналған бизнесті қорғау жөніндегі жолкартасы шеңберінде Шымкент қаласының прокуратурасы жанында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аймақтық басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, «NurOtan» қалалық филиалы және қала әкімдігімен бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Мобильдік топ құрылды.

Мобильдік топтың мақсаты – мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу және бизнеске кедергі келтіру туралы өтініштер мен қоңырауларға  жедел әрекетету.

Кәсіпкерлер заңсыз тексерістер бойынша немесе мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекеттеріне 8 (7252) 53-91-84 және 8 (701) 800-03-40 нөмірлеріне хабар бере алады.

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу