Тұңғыш Президент күні құтты болсын

30 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары,
қадірлі жерлестер!

 

Сіздерді, бүкілхалықтық Таңдауының Бірлігі күні ретінде енген мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

Тұңғыш Перзидент күні – бұл тарихи таңдау күні, барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні.

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын  қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, жер-жаһанға танытып, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.

Қазақстан Тәуелсіздігіне қол жеткізген мерзімде алыстағы алып елдер де, қыр астындағы көршілер де санасатын айбынды мемлекетке айналды.

Ел абыройының әлемдік деңгейде асқақтауы Тұңғыш Президенттің сарабдал саясаты, қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық және құқықтық реформалардың нәтижесі. 

Тәуелсіздік жылдары орасан мол табыстарға қол жеткіздік. Қай саланы алып қарамаңыз, мейлі ол құқық қорғау, сот төрелігі, білім мен ғылым, мәдениет пен өнер болсын бәрінде қарыштап дамып келеміз.

Тұңғыш Президентіміз заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнату жағдайына аса көңіл бөлді. 2017 жылы 30 маусымда «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойып, прокуратура қызметіне жаңа бағыт пен серпін берді.

Бұл өз кезегінде халық пен қоғамның мүддесін қорғайтын ашық, әділ және тиімді прокуратура жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Бүгінгі таңда қаламыздың прокуратура органдары 580 мыңға жуық азаматтардың құқықтарынқорғады.

Олай болса баршаңызды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз қазақ елінің тұғыры биік, мерейі үстем болсын!

 

Ізгі ниетпен,

Шымкент қаласының прокуроры
Мақсат Қожабаев 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу