Шымкентте мемлекеттік айыпты қолдаудың сапасын арттыру бойынша мәжіліс ұйымдастырылды

17 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шымкент қаласының прокуратурасында қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаудың сапасын арттыру мақсатында мәжіліс ұйымдастырылды.

2018 жылы прокурорлардың қатысуымен соттарда 1689 іс қаралып, 1068-і бойынша үкім шығарылған.

Жазаның мерзімі мен көлемі азайтылып, оның балама түрлері кеңейтілген.

Атап айтқанда 1005 сотталушының 251-не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, қалғанына баламалы жаза түрлері қолданылған.

Жиынды ашқан қала прокуроры, мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурорларға қойылатын басты міндеттерді атап өтті.

«Мемлекеттік айыптаушы қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекет атынан айыптауды қолдау жөніндегі жауапкершілігін сезініп, іскерлік ұстанымдылығы мен кәсіби біліктілігін прокуратура органдарының беделін нығайтуға жұмсап, сыртқы келбеті мен ұқыптылығы қоғам тарапынан сын-пікірлерге ұшырауға жол бермеуге тиіс» - деді қала прокуроры.

Процестік прокурорлар рөліне тоқталған М.Қожабаев, аудан прокурорларын қылмыстық іс бойынша қадағалауды сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінен бастап, бірінші сатыдағы сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысуға шақырды.

Жиын соңында, прокуратура қызметкерлеріне әзірленген методикалық құжаттар таныстырылып, мемлекеттік айыптауды қамтамасыз етуде жіберілген кешіліктерді жою бойынша арнайы бейнеролик көрсетілді.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу