Шымкент қаласының прокуроры аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады!

07 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шымкент қаласының прокуроры аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады! - 934453695

Шымкент қаласының прокуратурасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Бүгінгі күні қала прокуратурасы органдарында 54 қыз келіншектер жұмыс жасап, ер азаматтар секілді қоғамның барлық салаларындағы заңдылықтың сақталуына өз үлестерін қосуда.

Сонымен қатар, жиынға прокуратура органдарындарының  ардагер апа, әпкелеріміз де қатысты.

Жиын барысында қала прокуроры, нәзік жандыларға жылы лебіздерін білдіріп, заңдылықты нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін алғысын жеткізді.

«Біз бүгін өз тағдырларын прокуратура органдарында қызмет етуге арнап, отбасына деген қамқорлықты, бала тәрбиелеу міндетін қатар алып жүрген әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз» - деді Қожабаев Мақсат.

Бұл күні қала прокуратурасының 16-дан астам қызметкерлері ведомстволық наградалар және алғыс хаттармен марапатталды.

 Іс-шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Шымкент қаласының прокуроры аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады! - 1403021011
Шымкент қаласының прокуроры аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады! - 1909415829

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу