Шымкентте құқық қорғау органдары қызметкерлеріне «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктері түсіндірілді

11 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шымкентте құқық қорғау органдары қызметкерлеріне   «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктері түсіндірілді - 1097904863

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының бастамасымен Шымкент қаласы құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілдерімен кездесті.

Шараға құқық қорғау органдарынан жалпы 50-ге жуық қызметкер қатысып, Елбасының халықаралық бағдарламасы арқылы шетелде білім алудың жаңа қырлырымен танысты.

Жиынды ашқан қала прокуроры «Болашақ» бағдарламасының 25 жыл тарихында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің алғаш рет конкурстық іріктеу негізінде шетелде тағылымдамадан өтуге бірегей мүмкіндік алып отырғанын айтты.

Кездесу барысында Республикалық комиссияның шешімімен 2018 жылғы 29 қарашада шетелде тағылымдамадан өту құқығын беретін «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» санаты бекітілгені аталды.

Сондай ақ, орталық өкілдері «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары, конкурсқа қатысу талаптары туралы, сондай-ақ шетелде білім алудың қол жетімді мүмкіндіктері мен мемлекетаралық келісімдер бойынша түсініктемелер берді.

Кездесу соңында олар АҚШ-тың «Массачусетс» штатында оқыған прокуратура органдарының қызметкерлерін атап, алдағы уақытта барлық құқық қорғау органдарының қазметкерлерін шетелде білімдерін шыңдауға шақырды.

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу