Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Сейдалиев Нұржан Ақыпбекұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сейдалиев Нұржан Ақыпбекұлы 1973 жылы 27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Кеңесшіл ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін бітірген.

1991 - 2001 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар мекемелерде түрлі қызметтер атқарды.

2001 – 2005 жылдар аралығында Түркістан қаласы прокурорының көмекшісі, кейіннен аға көмекшісі қызметтерін атқарды.

2005 – 2009 жылдар аралығында Сарыағаш ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі қызметтерін атқарып, кейіннен аудан прокурорының орынбасары болған. 

2009 - 2010 жылдар аралығында қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау және мемлекет атынан айыпты қолдау басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

2010-2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының халықаралық шарттардың қолданылуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі қызметін атқарған.

2011-2012 жылдары қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау және мемлекет атынан айыпты қолдау басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2012-2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуроратурасында түрлі басшылық қызметтерін атқарған.

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы прокуроратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы қызметін атқарған. 

Соңғы қызмет орны Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры.

Жалпы қызмет өтілі 28 жыл.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.