Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында

07 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында - 1355772621

Шымкент қаласының прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойы аясында «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылды.
Оған 22 прокуратура қызметкерлері қатысып, бақтарын сынады.
Жиынды ашқан қала прокуроры Мақсат Қожабаев, бірінші рет өткізіліп отырған сайыстың мақсатына тоқталып, Абай мұраларын кеңінен дәріптеу арқылы жастардың бойында елжандылық қасиет қалыптастырудың маңыздылығын атап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл бастама арқылы прокуратура қызметкерлері ақын¬ның шығармашылығына сусындап, өлең¬де¬рін жаттауға асықса, енді бірі кітап бетін парақ¬тады.
Осылайша, алғашқы айналымда прокурорлар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен жыр төгілтсе, екінші кезеңде Абай әндерін шырқап, соңғы бөлімде «Абай жолы» романынан көрініс көрсетті.
Бірінші болып көп алдына шыққан басқарма прокуроры Джакипова Лаура Абайдың 24-і қара сөзімен сайыс шымылдығын түрді. Артынша талапкерлер хакімнің 8-і және 14,15-і қара сөздерін, сондай-ақ, «Желсіз түнде жарық ай», «Өлсем орным, қара жер, сыз болмай ма» сынды өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Бұдан өзге Абайдың әуезді «Көзімнің қарасы» әнін шырқаған Қаратау ауданы прокуратурасының прокурорлары Исқақова Динара мен Абдіқадіров Серік ән мақамын өзге сарынға салса, Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Дулат Аширбеков домбыраның құлағында ойнап қатысушыларды тамсандырды.
Үшінші кезең бойынша қарсыластарынан үздік шыққан қала прокуроының аға көмекшісі Бахыт Нарғозиев отбасы мүшілерімен «Абай жолы» романынан үзінді қойып жұртты тамсандырды.
Осылайша әділ қазылар алқасы өзара кеңесе келе, лайық деп тапқан қатысушыларға жүлделі орындарды табыстады.
Бас жүлдені өзге қарсыластарынан озық өнер көрсеткен Бахыт Нарғозиев еншілесе, І орынды Дулат Аширбеков иеленді. Ал, ІІ орынға Абай ауданы прокуратурасының қызметкерлері Есмаханова Айнұр, Досалиева Айдана лайық деп танылса, ІІІ- орынды Исқақова Динара мен Абдіқадіров Серік жеңіп алды. Жүлдегерлер қала прокуроры тағайындаған қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Өзге қатысушыларға арнайы ынталандыру Алғыс хаттары мен Абайдың қара сөздері жинағы табысталды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу