Шымкентте Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

27 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шымкентте Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті  - 720064536

Шымкент қаласының прокуратурасында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кәмелет жасына толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ұрлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның сақталу мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі өтті.

Кеңес мүшелері кәмелетке толмаған жасөспірімдердің істері туралы құрылған мобильді топтың жұмысына оң баға беріп, бұл топпен 144 алдын алу жұмыстары жүргізілгені аталды.

Аталған іс-шаралар нәтижесінде ата-анасының бақылауынсыз жүрген 344 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған, түнгі уақытта заңды өкілісіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген 1983 жасөспірімнің ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылған.

Сонымен қатар қала прокуроры Мақсат Аманқұлұлы «МЖК» аумағында орын алған 3 жастағы бүлдіршіннің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істі жіті бақылауға алғанын атап өтіп, бұл бағытта жергілікті атқарушы және құқық қорғау орандарына тиісті шараларды  қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ, өзгенің мүлкін ұрлау тақырыбына тоқталған Мақсат Аманқұлұлы, бұл санатындағы қылмыстардың 21%-ға, ал жалпы тіркелген қылмыстардың 19,5%-ға төмендегенін атап өтіп, жергілікті атқарушы органдарын профилактикалық жұмыстарды құқық қорғау органдарымен қатар жүргізуге бағыттады.

Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының және қылмыстық істердің тергелу барысы қаралды.

2019 жылы лауазымды тұлғалар жасаған сыбайлас жемқорлыққа  қатысты 46 қылмыстық іс тіркелген.

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардан мекемеаралық топ құру туралы шешім қабылданды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстарды жандандару бойынша бірқатар шаралар ұсынылды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу