Шымкентте 2588 қылмыстық құқық бұзушылықты электронды форматта тіркелген

06 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Уақыт және өмір талаптарына сәйкес еліміздің әлеуметтік, құқықтық дамыған мемлекеттер қатарына қосылу мақсатында қолданыстағы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Атап айтқанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның қолданысқа енгізілуі құрылым жұмысына  жаңаша сипат береді.

Осы мақсатта 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап «құқық қорғау қызметі негіздерін жаңғырту туралы» күшіне енген заң негізінде жүзеге қылмыстық электронды істі жүргізілуде.

Оның негізгі бағыттарының бірі қылмыстық процесте адам құқықтары мен мен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыру болуымен қатар, бүкіл процесстің айқын болуында.

Қылмыстық процесті электронды жүйеге ауыстыру қағаз бастылықтан құтылуға, қылмыстық іске қажетті анықтамаларды кеңседен шықпай, электронды құжат түрінде қол жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қылмыстық іс материалдарын жоғалтып алу немесе оны бұрмалауға жол берілмейді.

Электронды ақпаратпен қамтамасыз етілген жүйе тергеушінің, прокурор мен судьяның жұмысын анағұрлым жеңілдететіні анық.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы ПД мен оның құрылымдық басқармалары «Е-Қылмыстық іс» модулін іске асыру мақсатында 400 компьютерлер мен олардың толық жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

Нәтижесінде қалалық құқық қорғау органдары қазіргі таңда 2588 қылмыстық құқық бұзушылықты электронды форматта тіркеп, 249 істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдады.

Бұл жұмысты жетілдіруге  бағытталған шаралар жалғастырылуда.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу