Шымкент қаласының прокуратурасындағы кадрлық тағайындаулар

12 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2020 жылғы бұйрығымен Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне Сейдалиев Нұржан Ақыпбекұлы,  Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры қызметіне Хандиллаев Қантөре Мырзанұлы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының прокуроры қызметіне Мықтыбек Талғат және Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры қызметіне Айтишев Досымхан Әскербекұлы тағайындалды.      

    

Н.А. Сейдалиев 27.01.1973ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Кеңесшіл селосында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 16 жыл.

Соңғы қызмет орны - Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры.

***

Қ.М. Хандиллаев 03.02.1978ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 20 жыл.

Соңғы қызмет орны - Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры.

***

Т.Мықтыбек 13.04.1975ж. Шымкент облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 20 жыл.

Соңғы қызмет орны - Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы.

***  

Д.Ә.Айтишев 24.09.1974ж. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 12 жыл.

Соңғы қызмет орны - Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокурорының орынбасары.