Шымкент қаласының прокуратурасында тәуелсіздік күніне арналған жиын өтті

13 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шымкент қаласының прокуратурасында тәуелсіздік күніне арналған жиын өтті - 786608259

Шымкент қаласының прокуратурасында 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Онда прокуратура органдарының ардагелері және жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Қала прокуроры азаттықты армандаған елдің түпкі мақсатының орындалып, ата-баба аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді атап өтті.

«Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ата-бабаларымыз қаншама қиыншылықтарды басынан өткізді, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында біз, прокуратура қызметкерлері аянбай еңбек етуіміз қажет» -деді қала прокуроры.

Атаулы мереке күні ҚР Бас Прокуратурасының ғимаратында заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Берген Ержаппарға «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі табысталды.

Сонымен қатар, қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен еңбектері үшін бірқатар қызметкерлер Бас Прокурордың бұйрығы негізінде «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және қала прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы