Шымкент қаласының прокуратурасында Елбасының Жолдауы талқыланды

25 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шымкент қаласының прокуратурасында Елбасының Жолдауы талқыланды - 16983364

Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кесебаева Балаим Шымкент қаласы прокуратурасының қазметкерлерімен кездесті.

Прокурорлар құқық қорғау органдарының алдына қойылған міндеттер мен тапсырмалады орындаудағы атқырылып жатқан  жұмыстарын айтты.

Депутат прокуратура органдарымен кәсіпкерлікті қорғау саласындағы атқарылған оңды жұмыстарды айтып, «Құқық қорғау қызметтер орталығының» жұмысын ерекше бағалады.

Жиынға қатысушылардың пікірінше, ҚҚҚО-ы Елбасының халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, жұмысты сервистік модельге көшіру қажет деген бастамасына айғақ ретінде аталды.

Одан бөлек цифрландыру мәселесі жеке талқыланды.

Жиналысқа қатысушылар бірауыздан, қылмыстық іс жүргізуді электрондық форматқа ауыстыру әділеттілікке және үдерістердің ашықтығына тез қол жеткізуге мүмкіндік беретініне күмән келтірмеді.

Қала прокурорының айтуынша жыл басынан Шымкент қаласына қарасты төрт аудан прокуратурасымен 398 электронды қылмыстық іс тіркеліп, (175-і қылмыстық теріс қылықтар, 147-і онша ауыр емес қылмыстар, 74-і ауырлығы орта қылмыс және 2-і ауыр қылмыс) оның 63-і сотқа жолданған.

Шымкент қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу