Шымкент қаласының прокуратурасында алғашқы кадрлық конкурстың тағайындаулары орын алды

21 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шымкент қаласының прокуратурасында  алғашқы кадрлық конкурстың тағайындаулары орын алды - 259374577

2019 жылдың желтоқсан айында қала прокуратурасының қызметке орналасу конкурсы жарияланған болатын.

Қолданыстағы Ережеге сәйкес қызметке қабылдау процесі 2 кезеңнен тұрады:

- біріншісі іріктеу, бұл кезеңде кандидат заңнама бойынша тест тапсырады, медициналық комиссиядан және ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы міндетті тексеруінен өтеді;

- одан кейін конкурс, бұл кезеңде кандидатпен алдын ала әңгімелесу жүргізіледі және 10 жұмыс күні ішінде тағылымдамадан өтеді. Осы тағылымдаманың барысында жетекші берген түрлі тапсырмаларды орындай отырып, ол іс жүзінде өзінің басқа кандидаттардан артықшылығын дәлелдейді.

Конкурсқа 16 үміткер қатысып, оның 14-і тағылымдамадан өту үшін аудан прокуратураларына сынақ мерзімімен жолданған.

Тағылымдама нәтижесімен комиссия отырысына 20.02.2020 жылы 14 үміткер әнгімелесуден өтуге шақырылды.

Аталған конкурс Шымкент қаласы прокуратурасында алғаш рет болуына байланысты қала прокуроры М.Қожабаев комиссия отырысының оң қорытындысын алған қызмкеткерлерді қабылдады.

«Сіздерді жаңа қызметтеріңізбен құттықтаймын, өздеріңізге белгігі Сіздер арнайы тестлеуден, тағылымдамадан кейіннен әңгімелесуден өттіңіздер.

Конкурс комиссиясының қорытындысы негізінде араларыңыздан 7 үміткер бұйрықтар алып (5-і кадрлық резерв арқылы), ал 1 үміткер кадрлық резервке алынды.

Ендігі кезекте Сіздерден халықтың, прокуратура басшылығының артқан сенімін ақтап, отанға қызмет ету талап етіледі.

Сол себептен жұмыста қолдану үшін Заңнама Кодекстерін сыйға тартамын, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін» - деді қала прокуроры.

Сонымен қатар, болашақ үміткерлердің назарына құқық қорғау органдарына қызметке орналасу қағидасында өзгерістер орын алғандығы жеткізіледі.

2021 жылдың 1 қаңтарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясында 6 ай және өңірлік прокуратурада 6 ай тағылымдамадан өту көзделген.