Шымкент қаласында сотталғандардың құқықтықтары түсіндірілуде

24 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шымкент қаласының прокуроры қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің басшысымен бірге қадағалау аумағында орналасқан түзеу мекемелерінде болды.

Іс-шара барысында сотталғандарға ізгілендіру заңнамасының нормалары, заңның жеке ережелерінің қолданылу негіздері түсіндірілді.

Прокуратура қызметкерлерімен тұрақты түрде қоғамнан оқшаулау орындарында ұстаудағы тұлғаларға құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізуде.         

Нәтижесінде сотта 226 сотталғанның ізгілендіру заңының нормасын қолдану туралы өтінішхаты қаралуда.

Қазіргі кезде сотпен осындай 29 өтiнiшхат қанағаттандырылған, өзгелері қаралу сатысында. 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу