Шымкент қаласы прокуратурасының алқа мәжілісі өтті

28 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шымкент қаласы прокуратурасының алқа мәжілісі өтті - 828021090

Шымкент қаласының қылмыстық қудалау органдарымен 2019 жылдың 6 айында қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алу-тіркеу тәртібіне жүргізілген тексеріс нәтижелерін талқылау бойынша қала прокуратурасының алқа мәжілісі өтті.

Мәжіліс отырысына құқық қорғау орган басшылары қатысты.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда Шымкент қаласының аумағында 2019 жылдың 6 айында жалпы 7880 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 1240 қылмысқа немесе – 13,3% төмендегенімен сипатталады. 

Оның ішінде қылмыстың 15,4% кемісе, теріс қылықтар керісінше 19,4%  өскен.

Тексеру нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алу-тіркеу тәртібі бойынша заңдылықты бұзушылықтар қылмыстық қудалау органдарымен жылдан жылға әлі жалғасып келе жатқанын көрсетті.

Атап айтқанда, қалалық полиция органдарымен  есептен жасырылған 46 қылмыстық құқық бұзушылықты және өздерінің ведомстволық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында дерекқорға қоғамдық орында, бұрын сотты болғандармен, мас хәлде жасалған қылмыстарды енгізбегені және ауыр қылмыстарды жеңіл санаттағы қылмыстарға қайта дәрежелеу деректері анықталды.

Орын алған кемшіліктермен заңбұзушылықтар бойынша қала прокуратурасымен Полиция департаментіне прокурорлық ықпал ету актісі енгізілген, қазіргі таңда қаралу сатысында.

Мәжіліс қорытындысы бойынша құқық қорғау органдармен заңсыздықты жоюға бағытталған бірқатар іс-шаларар түзілді.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу