Прокурорлық тексеріс барысында қадағалаушы органмен 50-ден астам кездейсоқ қоқыстар анықталды

25 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Шымкент қаласыпрокуратурасының Алқа мәжілісінде жергілікті атқарушы органдардың 2018 жыл мен 2019 жылдың өткен мерзімінде тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету және санитарлық тазалау қызметтеріне бақылауды ұйымдастыруға бағытталған шаралардың тиімділігі және заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижелері қаралды.

Мақсат Қожабаев  Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылғалы бері 1 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, қаламыздың аумағындағы экологиялық ахуалдың өте нашар екендігін атап өтті.

Жергілікті атқарушы органдар қаламыздың жоғары статусын сезінбеуінің салдарынан аталған саланы ұйымдастыру жұмысын жүргізбей, бүгінгі таңда халық қажеттілігін қамтамасыз етпейтін Нормаларды қолданып, құқықтар мен міндеттерді, жауапкершілікті айқындайтын, тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, қала аумағын санитарлық тазарту саласын реттейтін нормативтік акті қабылданбаған.

Ал, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тұрмыстық қалдықтардың жиналу көрсеткіші 2 есе артық болуы,қолданыстағы Нормаларды есептеудің дұрыс жүргізілмеуінің көрінісі, нәтижесінде контейнерлердің едәуір жетіпсеушілігі байқалады.

Тұрмыстық қалдықтардың нақты жиналу нормасына сәйкес қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру үшін кем дегенде қажетті 4 мың контейнердің орнына қазіргі таңда 2 мың конетйнер ғана қол жетімді. Сондықтан тұрмыстық қалдықтардың жиналу Норамсын жаңадан бекітіп, контейнерлер санын кемінде 2 есе арттыру қажеттігі туындауда.

Жергілікті атқарушы органдарының атқарып жатқан жұмыстарының жеткіліксіздігінің тағы бір айғағы ол тек прокурорлық тексеріс барысында қадағалаушы органның 50-ден астам кездейсоқ қоқыстарды анықтауы. 1 жылдан астам уақыт аралығында бірде-бір тұлға әкімшілік жауапкершілікке де тартылмағанын ескерген жөн.

Қала қоқыс ордасына айналуының тағы бір себебі мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде санитарлық тазалау қызметін көрсетуші мекемелердің техникалық ресурстарымен қамтамасыз етілмеуінен бөлек, жұмысшыларының саны бойынша талаптарға сай болмай, жеңімпаз атануы.

Атап айтқанда, жекелеген мекемелер өз жұмысшыларының санын 35 есе артық көрсетіп, яғни небәрі 8 жұмысшысы бар мекеме қажетті 270 жұмысшыны жалған көрсетіп, 210 млн. мемлекеттік қаржысы бөлінген бүкіл Қаратау ауданына санитарлық тазалау қызметін көрсетуде.

Осындай заңсыздықтарға жол берген мекемелерді жеңімпаз ету аудан әкімдіктерінің әрекетсіздіктері мен бақылаудың мүлдем жоқтығының көрінісі.

Алқа қорытындысы нәтижесінде  жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың аталған бағыттағы қызметтерін қайта қарап, қала әкімінің атына заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған ұсыну енгізіп, жекелеген өнім берушілердің әрекеттеріне бойынша процестік шешім қабылдауда.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу