Прокурорлар іздеуде жүрген борышкерді анықтады

24 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекеттік сот орындаушылар 2018 жылдың қыркүйек айында «О» есімді борышкерге іздеу жариялаған. Оның мемлекет алдында 46 млн. тенгеден астам қарызы бар.

Атқарушылық іс-әрекеттер борышкердің іздеуде жүргендігіне байланысты тоқтатылған.
Бір жылдан аса уақыт өтсе де борышкердің жүрген жерін сот орындаушылар мен көші-қон полиция қызметкерлері анықтамаған.
Қала прокуратурасы ақпараттық жүйелер мен әлеуметтік желілер арқылы борышкердің жүрген жерін анықтап, сол күні оны дереу сот орындаушыларға жеткізді.
Келесі күні борышкерге қатысты сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік іс-өндірісі қозғалып, 12 625 теңге көлемінде айыппұл салынды (Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 18.09.2019 жылғы қаулысына сәйкес ӘҚБтК-тің 669-бабы).
Сот шешімінің әрі қарай орындалуы бақылауда.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу