Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру

24 тамыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды.

Прокуратура органдарында іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кіреді. 

Ең төменгі жалақы – 164 052 теңге.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте - қызметтік міндеттеріне сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кіретін офицер немесе тергеуші лауазымында (B-PRO-8 санаты) жүргізіледі. 

Ең төменгі жалақы-158 565 теңге.

Экономикалық тергеу қызметінде - функционалдық міндеттеріне бюджет саласындағы және квазимемлекеттік сектордағы, көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен Экономикалық тергеу қызметінің құзыретіне жатқызылған өзге де қылмыстарды анықтау, алдын алу, ашу, жолын кесу және тергеу кіретін жедел уәкіл (анықтаушы), тергеуші, анықтаушы және маман (С-FMO-6 санаты) лауазымдарына жргізіледі. 

Ең төменгі жалақы-132 196 теңге.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелері (байланыс телефондары мен мекенжайлары төменде көрсетілген) 2020 жылғы 25 қыркүйекке дейін жүргізеді.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін үміткерлер:

1) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша) тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өту;

2) Құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне (түсу үшін жоспарланған органға) мынадай құжаттарды беру:

- белгіленген үлгідегі өтініш;

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес нострификациялау немесе  тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, салыстыру үшін түпнұсқалары);

- жақын туыстарын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық толтырылған өмірбаян;

- кез-келген аймақта қызмет етуге келісім беру туралы өтініш;

- әскери билет немесе тіркеу куәлігін тапсыруы қажет.

Құжаттардың толық емес тізбесін, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну іріктеуге қатысудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы.

2. 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.

3. Прокуратура органдарына түсушілер үшін жоғары заңгерлік білімінің болуы шарт. Экономикалық тергеу қызметіне кандидаттар үшін орта білімнен кейінгі кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Іріктеуге келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

2) құқық қорғау қызметіне кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3) құқық қорғау қызметіне кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

4) қызметке кірер алдында үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке кірер алдында үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

5) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

6) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;

7) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан босатылғандар.

 

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу келесі кезеңдерді қамтиды:

1) іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау;

2) орталық аппаратта не құқық қорғау органының аумақтық немесе оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелерінде әңгімелесуден өту;

3) әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту;

4) полиграфологиялық зерттеуден өту;

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі - Академия) емтихан тапсыру.

Академиядағы емтихан кандидаттың емтихан билетінің қойылған үш сұрағына және Комиссия мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауап беру нысанында өткізіледі.

Емтихан келесі пәндер мен нормативтік құқықтық актілер бойынша өткізіледі:

1) Қылмыстық құқық;

2) Қылмыстық процессуалдық құқық;

3) Әкімшілік құқық;

4) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

5) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңы;

6) Қазақстан Республикасының  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;

7) Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы.

 

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлер Академияда алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.

Алғашқы кәсіптік даярлық мерзімі:

1) прокуратура органдарына түсушілер үшін 1 жыл (Академияда 6 ай оқу + 6 ай тағылымдама);

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне түсушілер үшін 6 ай (Академияда 5 ай Оқу +1 ай тағылымдама).

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттар 40 532 теңге мөлшерінде стипендиямен қамтамасыз етіледі.

 

 

Алғашқы кәсіптік даярлықты табысты аяқтаған кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылданады, бұл ретте лауазымға тағайындау бір мезгілде сыныптық шен/біліктілік сыныбы беріле отырып, сынақ мерзімінсіз жүргізілетін болады.

Кандидаттар құқық қорғау қызметіне кіру кезінде құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға дайын болуға тиіс.

Құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулер:

Қызметкер:

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту үшін олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға;

2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға;

3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

5) қызметтік емес мақсаттарда оның қызметтік жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты пайдалануға;

6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкілеттіктерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мақсатта пайдалануға; 

8) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсатта, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;

9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға құқылы емес.

Қызметкер лауазымға кіріскеннен кейін бір ай ішінде құқық қорғау қызметін өткеру уақытында өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және пайдаланылуы табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттар нотариалдық  куәландырылуы тиіс.

Қызметкердің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен, оның ішінде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыс алуға құқығы бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:

  1. мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

2) жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет етуіне (жұмысына) жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау.

 

Іріктеу тәртібі және алғашқы кәсіптік даярлықтан өту шарттары «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін тұлғалар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу қағидаларын және оны өткеру шарттарын бекіту, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару туралы» Бас Прокурордың 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі №675 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 бірлескен бұйрығымен реттеледі. 

 

Академияның анықтама телефондары: 8-701-700-05-50, 8-701-700-08-84, 8-777-406-22-74.

 

Іріктеуге құжаттар қабылдайтын құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерінің орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары:

 

Прокуратура органдары:

 

Мекеме атауы 

Байланыс телефоны

Почта мекен-жайы

 

Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы

8 (7172) 71- 21- 12 

8 (7172) 71- 24- 07

8 (7172) 71- 24- 16 

 

п/и 010000

Нұр-Сұлтан қаласы
Қабанбай батыр даңғылы, 31

 

Алматы қаласы прокуратурасы

8(7272) 265-04-41

 

п/и 050000

Алматы қаласы Желтоқсан көшесі,189 

 

Шымкент қаласы прокуратурасы

8 (7252) 53-42-47

 

п/и 160000

Шымкент қаласы 

Тәуке хан

даңғылы, 97

 

Алматы облысы прокуратурасы

8 (7282) 24-17-81
8 (7282) 24-81-16

п/и 040000

Талдықорған қаласы,  М.Төлебаев көшесі, 51

 

Ақмола облысы прокуратурасы

8 (7162) 25-05-93

 

п/и 020000

Көкшетау қаласы

Біржан Сал көшесі, 45

 

Ақтөбе облысы прокуратурасы

8 (7132) 90- 14-58

8 (7132) 90- 14-59

 

п/и 030000

Ақтөбе қаласы

Ө.Сейітов көшесі,6

 

Атырау  облысы прокуратурасы

8 (7122) 27-08-01

 

п/и 060011

Атырау қаласы

А.Молдағұлова көшесі, 245

 

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы

8 (7232) 24-18-24

 

п/и 070004

Өскемен қаласы

Пермитин көшесі, 21 

 

Жамбыл облысы прокуратурасы 

8 (7262) 45- 29- 41

 

п/и 080000,

Тараз қаласы, М.Х.Дулати көшесі, 23 

 

Батыс Қазақстан  облысы прокуратурасы

8 (7112) 50 -33- 47

 

п/и 090000

Орал қаласы

Жұбан Молдағалиев көшесі, 23 

 

Қарағанды  облысы прокуратурасы

8 (7212) 35-35-95

и/п 100026

Қарағанды қаласы,

Құрылысшылар даңғылы, 28а

 

 Қостанай  облысы прокуратурасы

8 (7142) 53-41-38 

8 (7142) 54-94-86 

 

п/и 110000

Қостанай қаласы, Алтынсарин көш., 118А 

 

 Қызылорда  облысы прокуратурасы

8 (7242) 27-43-75

 

п/и 120001

Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі, 1

 

Маңғыстау  облысы прокуратурасы

8 (7292) 42-34-10 (вн.121)

 

п/и 130000 Ақтау қаласы, 15 ықшамаудан, 56/1 

 

Павлодар  облысы прокуратурасы

8 (7182) 31- 50- 82

п/и 140000

Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі,3

 

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы

8(7152) 46-14-87

 

п/и: 150000

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 15

 

Түркістан облысы прокуратурасы

8 (72533) 4-12-46

 

п/и 161200

Түркістан

С.Қожанов көшесі, 44 Б

 

Бас көлік прокуратурасы

8 (7172) 71- 22- 20

 

п/и: 010000

Нұр-Сұлтан қаласы

 Мәңгілік ел даңғылы, 14

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдары:

 

Мекеме атауы

Байланыс телефоны

Почта мекен-жайы

1

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7172) 726-525

п/и 010000

Нұр-Сұлтан қаласы,

Сейфуллин көшесі, 37

2

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (727) 278-7347

8 (727) 278-7383

п/и 050000

Алматы қаласы,

Жібек Жолы даңғылы, 15

3

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті
 

8 (7252) 981-411

п/и 160000

Шымкент қаласы,

Қазыбек би көшесі, 3

4

 Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7282) 609-833

п/и 040000

Талдыкорган қаласы

Қабанбай батыр даңғ., 36/42

5

Ақмола  облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7162) 296-517

п/и 020000,

Көкшетау қаласы

Н.Назарбаев көш., 71

6

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7132) 728-253

п/и 030010

Ақтөбе қаласы, 

Марьесев көшесі, 93

7

Атырау  облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7122) 717-520

п/и 060002

Атырау қаласы, Темірханов көшесі, 2

8

Қарағанды  облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7212) 412-677

8 (7212) 913-618

п/и 100015

Қарағанды қаласы,

Қазыбек ауданы Әлиханов көшесі 12

9

Қостанай  облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7142) 914-345

п/и 110000

Қостанай қаласы,

Гашек көшесі  4

10

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7262) 936-017

п/и 080000

Тараз қаласы

Айтиев көшесі 40

11

Қызылорда  облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7242) 230-331

п/и 120008

Қызылорда қаласы,

Желтоксан көш. 156 А

12

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

+7 707 3937869

КансеитоваГулжамалАбдуалиевна

п/и 161200

Түркістан қ.,

Тауке Хан көшесі, 78

13

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 

8 (7232) 295-651

п/и 070004

Өскемен қаласы, 

Лихарев көшесі 2

14

Батыс Қазақстан  облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7112) 984-728

п/и 090000

Орал қаласы Құрманғазы көш. 89/1

15

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7152) 463-468

п/и 150000
Петропавл қаласы,

Интернационал көшесі 60

16

Маңғыстау  облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7292) 319-115

п/и 130000

Ақтау қаласы, 

23 шағын аудан

17

Павлодар  облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

8 (7182) 378-600

п/и 140011

Павлодар қаласы, Қамзин көшесі 37

Экономикалық тергеу қызметі органдары:

 

Мекеме атауы

Байланыс телефоны

Почта мекен-жайы

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7172) 31 61 45

 

п/и: 010000

Нұр-Сұлтан қаласы Желтоқсан көшесі,43

 

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7272) 792956

 

п/и: 050000

Алматы қаласы 

Жібек Жолы көшесі,127 

 

Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7162) 256284

 

п/и: 020000

Көкшетау қаласы Пушкин көшесі,21 

 

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7272) 256284

 

п/и: 040700

Алматы облысы 

Іле ауданы

Өтеген батыр ауылы  З. Батталханов көш., 11А

 

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7132) 213589

 

п/и: 030000

Ақтөбе қаласы 8 март көшесі 3 А

 

Атырау  облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7122) 354210

 

п/и: 060005

Атырау қаласы  Абай көшесі, 8

 

Батыс Қазақстан  облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7112) 538423

 

п/и: 090000

Орал қаласы  Поименная көшесі, 2/2

 

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 

8 (7262) 347538

 

п/и:080000

Тараз қаласы Төле би көшесі, 81

 

Қарағанды  облысы  бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7112) 567000

 

п/и: 100012

Қарағанды қаласы Хмельницкий  көшесі,14

 

Қостанай  облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 

8 (7212) 537171

 

п/и: 110000

Қостанай қаласы

Б. Майлин көшесі,2А

 

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7242) 215209

 

п/и: 120000

Қызылорда қаласы                  Тасбөгет                           Есенова көшесі,16

 

Маңғыстау  облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7292) 403659

 

п/и: 130000

Ақтау қ. 31А-5 ықшам аудан

 

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7252) 771448

 

п/и: 160002

Шымкент қаласы                               Абай көшесі, 2

 

Павлодар  облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7182) 612919

 

п/и: 140000

 Павлодар қаласы                         Л. Толстой көшесі,98

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7152) 469818

 

п/и: 150000

Петропавл қаласы,   

Н. Назарбаев көшесі,120

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7232) 240605

 

п/и: 070004

Өскемен қаласы Буров көшесі, 10/1

 

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті

8 (7253) 332987

 

п/и: 161200

Түркістан Тәуке Хан көшесі,278 V

Өтініш бланкісі

 

 

Құқық қорғау органының 

аумақтық бөлімшесінің, 

ведомствосының немесе

 мекемесінің басшысына

 

_______________________

 

Өтініш

 

Маған __________________________ 

                Т. А. Ә. (бар болса, толық)

алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

 

Келесі құжаттарды ұсындым:

1. _________________________

2. _________________________

3. _________________________

4. _________________________

5. _________________________

6. _________________________

7. _________________________

 

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

 

 

(Қолы)

А.Т.Ә. (болған кезде)

"____" _______________ 20____ж.

 

 

 

 

 

 

 

ӨМІРБАЯН

 

Өмірбаянды кандидат өз қолымен, еркін түрде, шимайсыз және түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады:
Автобиография пишется кандидатом собственноручно, в произвольной форме, без помарок и исправлений, с обязательным указанием следующих сведений:
- тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, тағы қандай тілдерді біледі;
- фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность, родной язык, какими языками еще владеет; 
- қашан, қайда, қандай оқу орындарында оқыды, білімі бойынша мамандығы;
- когда, где, в каких учебных заведениях учился, специальность по образованию; 
- кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық атауы мен мекенжайы, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу себебі көрсетіле отырып, кім болып, қашан және қайда жұмыс істеді, тәртіптік, материалдық немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылды ма (қашан, кім қолданды, не үшін, ықпал ету шарасы);
- кем, когда и где работал с указанием полного наименования и адреса предприятия, учреждения или организации, причины перехода с одной работы на другую, применялись ли меры дисциплинарного, материального или общественного воздействия (когда, кем, за что, мера воздействия);
- әскери міндеттілікке қатысы, міндетті әскери қызметке қашан және қандай әскери комиссариат шақырды (егер шақырылмаса, себебі көрсетілсін), қандай әскери бөлімдерде (нөмірлері көрсетілсін) және кім болып қызмет өткерді, Қарулы Күштерден запасқа қашан және қандай лауазымнан босатылды, әскери атағы;
- отношение к воинской обязанности, когда и каким военкоматом призван на действительную военную службу (если не призвался, указать причину), в каких воинских частях (указать номера) и в качестве кого проходил службу, когда и с какой должности уволен в запас Вооруженных Сил, воинское звание;
- отбасы жағдайы, қашан некеге тұрды, әйелінің (ерінің) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері; кандидат пен оның әйелінің (ерінің) жақын туысқандары; әкесі, шешесі, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері) мен балалары, сондай-ақ бұрынғы әйелдері (ерлері) және олардың жақын туысқандарына қатысты осындай мәліметтер, ажырасу себептері көрсетіле отырып, некені бұзу туралы куәліктерінің нөмірлері, оларды қандай орган және қашан берді; егер кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандары тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы анықтамалық деректері көрсетіледі, туысқандарынан кім ішкі істер органдарында немесе ішкі әскерлерде қызмет етеді (туысқандық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты, қайда, лауазымы, арнайы немесе әскери атағы);
- семейное положение, когда вступил в брак, фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность; место работы и должность, место жительства жены (мужа); такие же сведения на близких родственников кандидата и его жены (мужа); отца, мать, братьев, сестер и детей, а также на бывших жен (мужей) и их близких родственников с указанием причин развода, номера свидетельств о расторжении брака, когда и каким органом оно выдано; если кандидат, его жена (муж) или их близкие родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то указывается и их прежние установочные данные; служит ли кто из родственников в органах внутренних дел или во внутренних войсках (степень родства, фамилия, имя, отчество, где, должность, специальное или воинское звание);
- кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандарынан біреу шетел азаматтығында тұрды ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде кім шетелде болды (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе тұрақты тұруға шетелге шығу үшін өтініш білдірді (қашан, қандай себеппен), шетелдерде тұратын туысқандары бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туысқандық дәрежесі, немен айналысады, қайда тұрады), олармен байланыс қалай іске асады; 
- состоял ли кандидат, его жена (муж) или кто-нибудь из их родственников в иностранном гражданстве (кто, степень родства), кто из них был за границей (когда, где, с какой целью) или ходатайствовал о выезде за границу на постоянное место жительства (когда, по какой причине), имеются ли родственники, проживающие за границей (фамилия, имя, отчество, степень родства, род занятий, где проживают), в чем выражается связь с ними; 
- кандидат, оның әйелі (ері) немесе олардың жақын туысқандарынан біреу қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тартылған ба (қашан, не үшін, жазалау шарасы); 
- привлекался ли кандидат, его жена (муж) или кто-либо из их близких родственников к уголовной или административной ответственности (когда, за что, мера наказания); 
- соңғы жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері, егер бір жерден екінші жерге көшуге тура келсе, бұрынғы тұрғылықты жерлері көрсетіледі. 
- место последней работы и должность, место жительства, если приходилось переезжать с одного места жительства на другое, то указываются прежние места жительства.

ӨМІРБАЯН 

АВТОБИОГРАФИЯ

_____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты / фамилия, имя,
отчество)
______________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________