Прокуратура қызметкерлері психологиялық тренингке қатысты

16 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жағымды болуы қызметкерлердің жұмыс қабілеті мен өзара сенімділігінің артуына негіз болады.

Осы бағытта Шымкент қаласының прокуратура қызметкерлерімен Дендросаябақта психологиялық тренингтік жаттығулар өткізілді.

Эмоционалдық қажу, стресстік жағдайларды болдырмау мақсатында арнайы ұйымдастырылған тренингтік жаттығуларға басқармадан 80 қызметкер қатысып,«өз-өзіне сенімділік», «байланған алқа», «Ханшайым, самурай, арыстан», «өткелден өту», «интеллектуалды футбол», «кедергіні жеңу» және басқа да тренингтік жаттығулар жүргізілді.

Аталған іс-шараға прокуратура қызметкерлері белсене қатысып, эмоционалдық шаршау, стресстік жағдайларды болдырмау мақсатында релаксациялық жаттығулар орындады.

Ұжымдағы біртұтастылықты дамытуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде өткізу практикаға енгізілген.  

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

Прокуратура қызметкерлері психологиялық тренингке қатысты - 1602625966
Прокуратура қызметкерлері психологиялық тренингке қатысты - 1245705787
Прокуратура қызметкерлері психологиялық тренингке қатысты - 681073613

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу