Қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған

26 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шымкент қаласының прокуратурасы Әділет департаментінің қызметіне жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесінде, заңды тұлғаларды мемлекеттік деректер қорына енгізу барысында жалған мәліметтерді ендіру, нотариаттық қызмет бойынша келісімшарттарды заңсыз куәландыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мерзімдерін бұзу, борышкерлердің шетелдерге шығуына жол беру деректерін анықтады.

Тексеріс барысында «Корпорация Шым KZ», «Шым Сити», «Южная корпорация 2020» ЖШС-тері соттың шешімінсіз, Департаменттің қызметкерлері арқылы таратылғаны анықталды.

Өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы аталған заңды тұлғалардың («Корпорация Шым KZ»-1,4 млрд. тенге, «Шым Сити» ЖШС-1,3 млрд. тенге, «Южная корпорация 2020» ЖСШ-2,7 млрд. тенге) мемлекетке келтірілген залалдың 5,4 млрд. теңгеден астам сома шығын келтіргені туралы қорытынды жасаған.

Осылайша, Департамент қызметкері мәжбүрлі түрде тарату туралы №11 және №12 және №13 бұйрықтары басқа заңды тұлғаларға қатысты болатындығын біле тұра деректер қорына жалған ақпарат енгізген.

Сонымен қатар  дерекқордағы мәліметке сәйкес, аталған өзгерістерді Департамент қызметкері жасағаны және ол қызметкердің 12.11.2012 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 2-тармағы бойынша (ескі кодекске сәйкес ұрлық бабы бойынша) жауаптылыққа тартылғаны анықталған.

Бұл дерек Әл-Фараби ауданы прокуратурасының АТК-не тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-бөлігі бойынша  Әл-Фараби аудандық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеруге жолданған.

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу