Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймыз.

28 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құрметті қала тұрғындары!  	Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймыз. - 815707168

Құрметті қала тұрғындары!

            

         Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймыз.

         Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.

         Республиканың көпұлтты халқының достығын нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде Конституцияның ролі зор. Әлемнің түкпір-түкпірінде қарулы қақтығыстар, терроризм мен діни экстремизмнің қанды салдары өршіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық орын алуда. Мұның бәрі Конституцияда бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін қоғамдық және саяси өмірде нық ұстанудың нәтижесі.

         Конституцияның даму тарихын саралағанда оның негізгі даму үрдісіне тигізетін әсеріне адамдық және азаматтық құқықтар мен бостандықтарға қаншалықты кепілдік бере алатындығына айрықша назар аударамыз.

         Үстіміздегі жылы қала прокуратурасымен 433 854 азаматтың құқықтары қорғалды, оның ішінде 31 069  азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.

         Атап айтқанда қала прокуратурасының ұсынуымен білім басқармасымен №2 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті КММ-нің жанынан мүмкіндігі шектеулі балаларға диагностика жасайтын «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды.

Үкіметтің қаулысына сәйкес дене бітімінің даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде оқытқаны үшін 40% үстемақы ретінде 4 428 мұғалімге жалпы 62 339 000 теңге төленді.

Сонымен қатар 901 мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері айқындалмағаны анықталды.

13.03.2019 жылы Шымкент қаласының әкімі атына мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындап, шешім жобасын қалалық мәслихатқа бекіту үшін жолдау жөнінде ұсыну енгізілді.

16.07.2019 жылы Шымкент қалалық мәслихаты «Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы»  шешім қабылдады.

Қала прокуратурасымен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар жалғасуда.

         Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі - Конституция күнімен құттықтаймыз!

         Отбасыларыңызға аман-саулық, бақыт, түсінушілік, сенім және Отанымыз Қазақстан Республикасына жарық, жақсы болашақ тілеймін!

                                                    

Ізгі ниетпен, Шымкент қаласы прокуратурасы!!!

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу