«Кәсіпкерлерге ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды

21 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шымкент қаласының прокуратурасы жанында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аймақтық басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, «Nur Otan» қалалық филиалы мен қала әкімдігімен бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Мобильдік топ құрылған.

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында қала прокуратурасының құқық қорғау қызметтері орталығында кәсіпкерлерге арналып ұйымдастырылған ашық есік күні шарасы аясында Мобильдік топпен 10-ға жуық кәсіпкер қабылданды.

Іс шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті ашуға және жүргізуге бағытталған жұмыстардағы қиындық туғызатын өзекті мәселелерді анықтау, нәтижелі шаралар қолдану болып табылады.

Қабылдау барысында кәсіпкерлікті ашуға, жүргізуге және оның қызметін тексеруге тыйым салынған мораторий талаптарына байланысты сұрақтар қаралды.

Алдағы уақытта, қала прокуратурасының құқық қорғау қызметтері орталығының ғимаратында тоқсан сайын кәсіпкерлердің құқықтарын сақтауға байланысты ашық есіктер, жеке қабылдаулар тұрақты түрде жүргізілетінін назарларыңыз саламыз.

Жеке қабылдауға жазылу үшін 8 (7252) 35-37-91 нөміріне хабарласуға немесе Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, №3 «Nur Otan» ғимаратына орналасқан Орталықта жазылуға болады.

 

 

Шымкент қаласы прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу