Кең таралған алаяқ түрлері туралы

01 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қаратау ауданының прокуратурасы қала тұрғындары үшін кең таралған алаяқ түрлері туралы арнайы ақпарат жинақтады. Осыған байланысты аталған ақпаратты назарға алып, алдағы уақытта абай болуыңызды сұраймыз!

Несие беру.

Алаяқтардың басым бөлігі несие алу мен несие жабуды ұсыну кезінде кездеседі. Кей жағдайларда, несие саласындағы алаяқтар ірі мөлшерде несие алу мақсатында несие беру жөніндегі өтінімдердің мәліметтерін бұрмалайды. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет, себебі несие туралы мәліметтерді бұрмалау заңмен көзделген жауаптылыққа, оның ішінде қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыруы әбден мүмкін.

Алаяқтар тарапынан берілген мұндай ұсыныстар заңға қайшы немесе шыңдыққа сәйкес келмеуі мүмкін.

Осындай жағдайлардың нәтижесінде сізге берілген ұсыныстар орындалмай, керісінше қосымша қаржыларыңызды жоғалтып, ұзаққа созылатын сот процестерінің қатысушысына айналасыз.

Сондықтан алаяқтардың қақпанына түсіп қалмау үшін, несие алу кезінде тек банк қызметкерлерінен кеңес алып, заңда көзделген тәртіпте несие алыңыздар.

Телефон алаяқтары.

Ұялы байланыс арқылы кездесетін алаяқтардың мақсаты, алдау арқылы сіздің ақшаларыңызды белгілі бір шотқа аудару немесе басқа да мекенжайға жіберу болып табылады.

Аталған алаяқ түрінің кең таралғаны телефон байланыс арқылы сіздің жақын туысыңыздың ауыр жағдайда екенін айтып, осы жағдайдан құтқару мақсатында белгілі сомадағы ақша қаражатын белгілі адамның атына аударуды сұрайды.

 

Жылжымайтын мүлік.

Жылжымайтын мүлік нарығында алаяқтықтың көп түрлері орын алуда. Көбінесе жаңа тұрғын үйден пәтер алуға көмек көрсетемін деп алған қаражаттарды жеке басына жұмсау деректері кездесуде.

Сонымен қатар жылжымайтын мүлікті жалған меншік құқығын танитын құжаттарымен сату бойынша азаматтарды алдау жолымен ақшаларын алып қою жағдайлары да орын алуда.

Жұмыс ұсыну.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру кезіңде де алаяқтық көптен кездесуде.

Жұмыс іздеушілер жұмыс табу мақсатында жұмысқа тұрғызамын деп қызмет ұсынғаны үшін алаяқтар жоғары бағамен ақша қаражаттарын алуда.

Әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтықтар.

Әлеуметтік желілерді, анықтау технологияларын немесе электронды аппараттарды пайдалану, есеп шоттардан қаражаттарды жымқыру түріндегі жасалатын алаяқтық қылмыстары жиі орын алуда.

Мысалға, әлеуметтік желілерде орналастырылған жылжитын немесе жылжымайтын мүліктерді сатып алу үшін сатушы мүліктің 100%құнын алдын ала төленуін талап етіп, нәтижесінде сатып алушы өзінің қаражатында немесеөз мүлкін де қайтарып ала алмай, сатушы байланысқа шығуды тоқтатады.

Керісінше, сатып алушы сатушыдан мүлікті алмай тұрып, соңғының есеп шотына қаражаттың аударылғанын растауды сұрап, нәтижесінде ақша аударымын растау қажеттілігі деген сылтаумен сатып алушының есеп шотынан ақша қаражаттарын толықтай жымқырып алуына жол беруде.

Сондықтан әлеуметтік желіден мүліктерді сату немесе сатып алу кезінде екінші тараппен кездесіп, әрекеттерді көзбе-көз көрісу арқылы жасау қажет.

Сіз алаяққа кездесіп қалсаңыз өз бастамаңызбен мәселені шешуге асықпаңыз.

Бұл жағдайда қылмыстың орын алған жері бойынша дереу құқық қорғау органдарына арызданып, кылмыскерлерді іздестіру жұмыстарын жеңілдету және келтірілген залалды қайтару үшін арызға істің мән-жайларын толық анықтауға жәрдемдесетін мәліметтерді көрсету қажет.

 

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу