Қала тұрғындарының ұзақ уақыттан бері заңдастырылмаған жылжымайтын мүліктерін құжаттандыру барысы туралы

09 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қала аумағында ұзақ уақыт бойы жерлерді өз бетінше басып алу мәселесі өзектілігін сақтауда.Жерлерді өз бетінше басып алу деректерінің басым бөлігі қаланың Құрсай, Жаңаталап, Игілік, Ынтымақ, Самал-3, Қызылжар, Көксай-2, Көксай-3, Қарабастау, Қаратөбе, Сайрам, Бозарық, Қайнар бұлақ, Таскен, Бадам тұрғын алаптарына тиесілі.

Мұндай жерлердің егелеріндетұрғылықты мекенжайдың тіркелуінеқатысты әлеуметтік, медициналық көмектерді және басқа да қызметтерді алуда қиындықтар туындаған.

Осы мәселелерді шешу мақсатында 2019 жылы әкімдікпен қала прокуратурасы өз бетінше иеленген жерлерді заңдастыруға шаралар қолданды.

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша 1806 өз бетінше басып алынған учаскенің  1048-не жерге құжаттандыру жұмыстарын жүргізіп (жерге орналастыру құжаттарын, қаулы жобаларын дайындау және келісу, жер комиссиясының құжаттарды келісуі және т.б.), 427 жер учаскесіне жер табыстау туралы қаулылар шығарылған.

Яғни жоғарыда көрсетілген аумақ тұрғындарының көп жылдан келе жатқан мәселелері шешіліп, меншік құқығын жүзеге асыруға(мүлкін сату, сыйға тарту, тіркелу арқылы және т.б.)және мемлекеттік қызметтерді пайдалануғамүмкіндіктеріпайда болды.

Өз кезегінде жер учаскелерін құжаттандыру жұмыстары бір реттік шара болып табылатынын және жер учаскелерін өз бетінше иеленудің жаңа деректері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар тиісті жауапкершілік қолдана отырып, (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 136-бабы (жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу), ҚР Қылмыстық Кодексінің 201-бабы (жерге заттай құқықтарды бұзу)заңсыз құрылысты бұзуға шарақолданатынын хабарлаймыз.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы