Абай ауданының прокуратурасы сотталғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді

05 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Абай ауданы прокуратурасы Шымкент қаласының «Опера және балет театрында» №2 пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қолданысқа енгізілген жаңа Заңдарды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Абай ауданының прокуроры Ж.Әділбайұлы ҚР ҚК-тің 68-бабына сәйкес бұрын жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін, осы Кодекстің 71-бабының 1-бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде қасақана қылмыс жасаған адамдарға тұлғаларды тараптардың татуласуымен қылмыстық жауаптылықтан босатуға тыйым салынатындығы түсіндірілді.

«Бұл дегеніміз бұрын қылмыс жасаған азаматтар жәбірленушіден кешірім алып, жауапкершіліктен босатылатын болса, қазіргі жаңа Заңға сәйкес оған жол берілмейтінгін ескертемін» - деп атап өтті аудан прокуроры.

Жаза күшейтілген қылмыстардың ішінде жиі кездесетіндері ұрлық қылмыстарына оның ішінде мал ұрлығына бөлек 188-1-бабы енгендігін және тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен немесе бірнеше рет жасау ҚК-тің 188-бабы 3-бөлігі 1,3-тармақтарымен сараланатыны аталып, ол ауыр қылмыстар қатарына енгендігі түсіндірілді.

Өз кезегінде жұмыспен қамту бөлімінің мамандары өмірлік ауыр жағдайға түскен азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлеріне тоқталды.

 

Шымкент қаласы

Абай ауданының прокуратурасы