Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 47046
    Дата: 25.10.2018 17:53:41
    Аты-жөні: Мұхаммедов Аслан
    Сұрақ:
    Мен ЖШС Отау компаниясында жұмыстан шыққан соң соңғы жалақымды бермеді.Өтініш жазғаннан соң 14күн өтті бугалтерияға хабарлассам бастық айлық берме деп бұйрық беріпті.Менде жұмыста ешқандай қарыздар болмаған.Жалақымды қалай алуға болады
    Жауап күні:
    21 қараша, 2018 - 21:54
    Жауап:
    А.Мухаммедовке Сіздің ҚР Бас прокурорының блогына (29.10.18ж. №01-40000-18-00005) «Отау Строй» ЖШС-нен (бұдан әрі-Серіктестік) айлық жалақыңызды алмағаныңыз жөнінде жазған арызыңыз Шымкент қаласының прокуратурасымен тексеру ұйымдастыру арқылы қаралды. Қала прокуратурасының хаты негізінде Шымкент қалалық еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) Серіктестікте сізге жалақы төлену жағдайына тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде сіз Серіктестік басшысының 17.07.2018ж. №82 бұйрығымен жұмысқа қабылданып, 11.10.18ж. №99 бұйрықпен жұмыстан өз еркіңізбен босатылғаныңыз және еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін жұмыс берушімен 12.10.2018 жылғы №959 төлеу тізімдемесіне сәйкес 161 003 теңге төлем жүргізілгені анықталды. Сонымен қатар, тексеру барысында сізден Басқармаға 12.11.18ж. Серіктестіктен айлық жалақыңызды толығымен мерзімінде алғаныңыз және Серіктестікке 2018 жылдың қазан айында сіздің атыңыздан ағаңыз А.Қонысов арыз жазып жібергені жөнінде арыз түсіргенсіз. Яғни арызда көрсетілгендей Серіктестікпен сізге жалақы төленбеу жағдайы орын алмаған және бұл мән-жайды өзіңіз де жоққа шығармағансыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда сіз жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Қала прокурорының бірінші орынбасары М. Сабаншиев Е.Нышанов 535437
  • Сұрақ №: 47031
    Дата: 25.10.2018 03:22:38
    Аты-жөні: Қалшабек Бидос
    Сұрақ:
    Шымкент қаласы Білім басқармасының 2018 жылғы 17 қазандағы № 10/8173/1 хатына (өтінішке берілген жауабына) 2018 жылғы 3 қазанда Шымкент қаласының Білім басқармасына А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта мектебінде өткізілген конкурстық комиссияның заңсыздығы туралы жазған арызым түскен. Білім басқармасы арызымды қарауда бірнеше заң талаптарын бұзған (2018 жылғы 17 қазандағы № 10/8173/1 хаты). «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңында Субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етедi деп көрсетілген. Заңның 10-бабында «Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс деп баяндалған. Менің шағымыма берілген жауап аталған заң талабын өрескел бұза отырып орындалған. Біріншіден, жауапта менің аты-жөнім қате жазылған. Орындаушы «ов» жалғауын тегіме теңіп қойып, орыстандырып қоя салған. Бұл меніңше қорлауға жатады. Адамның тегін дұрыс жаза алмау мемлекеттік қызметкерге үлкен сын. Екіншіден, бірінші абзацтағы «комиссия мүшесі белгілі себептермен қатыспаған жағдайда, орнынан сенімді өкілін сұрақ қою құқынсыз бақылаушы ретінде қатыстыру заң нормаларына қайшы келмейді» деп көрсетілген. Аталған қатынасты айқындайтын заң нормасында сілтеме жасалмаған. Өтінішке берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып беріледі. Орындаушының келтірген уәжі абсурд әрі сауатсыз шешім. Ақылға қонымсыз қатынастарды ойдан құрастырып, оны ресми құжаттарға енгізу қызметтік жалғандық жасау саналады. Сонда комиссия мүшесінің орнын алмастырып, комиссия отырысына бақылаушы ретінде қатысқан Ұ.Мошкалованың үміктерлерге баға қоюы қаншалықты заңды?! Үшіншіден, орындаушы заңның не НҚА-ның баптарына, тармақтарына емес, мектеп директоры А.Оразовтың сөзіне сілтеме жасап, «конкурс барысында қойылған сұрақтардың жауабы толық болмаған жағдайда, қосымша нақтылау сұрақтарын қою қолданыстағы заң нормаларына қайшы келмейді» деп көрінеу жалған мәлімет келтіріп, өтірікті соққан. «Жауаптар дәлелді болуын және растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс» деген 10 баптың талаптары бұл жерде тағы бұзылған. Оразовтің сөзіне сілтеме жасау үлкен сауатсыздық деп санаймыз. Ж. Базарова комиссия отырысына қатыспаса да, жауапта комиссия мүшесі ретінде көрсеткен. Орындаушы тіпті комиссия шешімін дұрыстап қарамаған, ол жерде Ж.Базарованың қолы қойылмаған. Бұл жалған құжат әзірлеуге саналмай ма?! Саралауды өзіңізге қалдырдық. Төртіншіден, мен арызымда заң бұзушылықтың 4 фактісін атап көрсеткенмін. Арызым мазмұны бойынша толық қаралмады. Жауапта менің уәждерімде жоққа шығаратын деректердi қамтылмаған. Мен арызымда ұйымның (№21 мектеп) аталған комиссия отырысының хаттамасын бермегені үшін комиссия төрағасына тиісті тәртіптік шара көрілуін талап еткенмін. Комиссия төрағасы мен хатшысы конкурстық құжаттармен таныстырудан және құжаттардың көшірмесін беруден заңсыз бас тартты. Бір күннен соң мектепке тікелей барып, хаттаманы талап етсем де, мектеп директоры тек хаттаманы көрсетіп, көшірмесін беруден жалтарды. «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығының 31 бөлігінде «Ұйым әңгімелесуден өткен кандидаттарға конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды. Хабарламамен бірге кандидаттарға ұйымның мөрімен куәландырылған комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі жіберіледі» деп көрсетілген. Күні бүгінге дейін мектеп әкімшілігі бұл талапты орындамады. Ұйым нормативтік-құқықтық актімен айқындалған осы талапты өрескел бұзып отырғандықтан, заң бұзушылық фактісі бойынша тиісті шаралар көрілуін сұрағанмын. Білім басқармасы бұл талабымды назардан тыс қалдырған. Сондықтан, білім басқармасының шешімін саралап, шара қолдануыңызды сұраймын. 25.10.2018 ж
    Жауап күні:
    27 қараша, 2018 - 21:32
    Жауап:
    Ответ Б.Қалшабек
  • Сұрақ №: 46734
    Дата: 12.10.2018 14:27:39
    Аты-жөні: Джамалова Комила
    Сұрақ:
    ОҚО, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қаратөбе т.а.Абдуллабад көшесі №55a үй тұрғыны Джамалова Комила Бахтияровнадан 30.03.1985 ж.т. ЖСН:85033041665 жеке куәлік №032360349 ҚР ІІМ-мен 08.11.2011 жылы берілген ұялы телефон: +7 775 724 60 60 А Р Ы З Менің арыз жазу себебім төмендегіше: 2015 жылы күз айында 22.02.1988 ж.т. Ирметов Алымжан Гаппуржанович есімді азамат Шымкент қаласы, Сайрам т.а. орналасқан №1 ШҚА терапия бөліміне «Өкпе тыныс жолдарының қабынуы» диагнозымен ем қабылдады. Алғашқы көргенде инабадты келген азамат өзінің жаңадан үйленген жанұя екендігін және «Ернұр» күзет агенттігінде күзетші болып жұмыс атқаратындығын айтып көрсетті. Әңгіме арасында Шымкент қаласы әкімшлігінде жақын танысының жұмыс атқаратындығын айтып, сол азаматтың Шымкент қаласы, Нұрсат м.а. өзіне мемлекеттік бағдарламамен жас отбасы ретінде тұрғын үй пәтер алып беруге көмектесіп жатқандығын айтты. Мен де күйеуімнен ажырасып, 2 (екі) баланы жалғыз асырап отқандығымды және қазіргі таңда пәтерсіз туыстарымның қолында жүргендігімді айттым. А.Г.Ирметов ұялы телефон арқылы бір азаматпен сөйлесіп, маған да өз көмегін беруге уәде берді. Ауруханадан шыққаннан кейін А.Г.Ирметов +7 (701) 231 53 64 ұялы телефоны арқылы хабарласып, өзінің Шымкент қалалық әкімшілігінде жұмыс атқаратын танысы маған Шымкент қаласы, Нұрсат м.а. 3 бөлмелі пәтерді жалға алып беруге көмек беретіндігін айтып қуантып қойды. Айына 5000-6000 тенге ақша төлейтіндігімді айтып көрсетті. Сол күннен бастап тиісті құжаттарды жинап, «Халыққа қызмет көрсету орталығына» өткіздім. Арада бірнеше күн өткеннен кейін, Г.А.Ирметов ұялы телефон арқылы хабарласып, тез арада жолығу қажеттігі туындап тұрғандығын айтты. Мен өзімнің аурухана кезекшілігінен кейін жоғарыда көрсетілген мекен-жайда орналасқан ата-анамның үйінде екендігімді айттым. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қаратөбе т.а. Абдуллабад көшесі №55а үйге келіп, ата анамның көзінше тұрғын үйге кезегімнің келгендігін айтып, 2000 $ АҚШ доллары көлемінде ақша қаражат беруімді сұранды. «Мен неліктен мемлекеттік бағдарламамен беріліп жатқан үйге сонша қаражат беруім керек» -деген сұрағыма, «Комила сен қорықпа қаражатты мен 2-ші деңгейдегі Банкке саған есеп шот аштырып, сол есеп шотқа сенің атыңа құямын» -деді. Неліктен екендігі белгісіз мен ол азаматтың е\сұраған соммасын, яғни 2000 $ АҚШ долларын қолма қол беріп жібердім. Ақша қаражатты алған кезде А.Г.Ирметов маған тілхат жазып берді. Сол күннен бастап А.Г.Ирметов маған пәтерді күніге «Ертең алып берем» -деген уәдемен келе жатыр. 2018 жылы Нұрсат м.а. орналасқан облыстық әкімшілік маңындағы көк түсті үйдегі 3 бөлмелі пәтерді көрсетіп, «Осы пәтер құдай қаласы сіздердікі болады» -деді. Содан бері бірнеше ай өткеніне қарамастан пәтердің құжаттарын да, кілтін де алмадым. Осы азаматтың айтып жүргені рас па? білу мақсатында Шымкент қалалық әкімшілігінің құрылыс бөліміне бардым. Ондағы қызметкерлердің айтуынша тұрғын үй алуға менің кезегім бірнеше мың адамнан кейін тұрғандығын естіп жүрегім ауырды. 2-ші деңгейдегі Банктерден маған мүлдем есеп шот ашылмаған екен. Сол күннен бастап алаяқтың арбауына түскендігімді білдім. Алаяқтық іс әркеті әшкере болған соң «Ақшаңды қайтарып берейін» -деді. Сол күннен бастап Ирметов Алымжан Гаппуржанович менен қашып жүргендігі жөнініде арызданған болатынмын. 12.07.18ж. шағымыңыз Шымкент қалалық ІІД-мен АТК-на тіркеліп, Еңбекші ауданы ПБ-не тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін 18.07.18ж. жолданғандығы маған жазбаша түрде облыс прокуратурасымен хабарланған болатын. Арада бірнеше ай өткендігіне қарамастан қылмыскер А.Г.Ирметовпен беттестіру шаралары жүргізілген жоқ. Еңбекші аудандық ПБ нің тергеушісі жедел уәкілдерге жеке тапсырма беріп қойдым, күдікті азаматты әлі алып келген жоқ деген сылтаумен менің арызымды қараусыз қалдырып отыр. Сонда осы күнге дейін А.Г.Ирметовті өзім жеткізуім керек пе? Полиция қызметкерлері неліктен өз жұмыстарына салғырт қарап отырғандығына таң қаламын. Аудандық прокуратура тарапынан мүлдем қадағалау жұмыстары жүргізілмейді ме? ҚҰРМЕТТІ МАҚСАТ АМАНКУЛОВИЧ! Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың негізінде азамат 22.02.1988 ж.т. Ирметов Алымжан Гаппуржановичтің /ИИН:880222300267/ іс-әрекеттеріне объективті баға беріп, менің сеніміме алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алуын әшкерелеп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-ші бөлігі 1-ші тармағымен қылмыстық жауапкершілікке тартуыңызды Сонымен қатар осы азаматтың неліктен бірнеше ай өткендігіне қарамастан Еңбекші аудандық ПБ не жеткізілмей отырғандығын және тергеушінің жеке тапсырмасын кім, қанша уақытта орындау керектігіне тексеру жүргізуіңізді СҰРАНАМЫН !!!
    Жауап күні:
    1 қараша, 2018 - 16:45
    Жауап:
    К.Б.Джамаловаға Абдуллабад көшесі, 55а үй Қаратөбе ауылы Шымкент қаласы 160000 Сіздің сеніміңізге кіріп 2000 АҚШ долларын иемденіп кеткен А.Ирметовке шара қолдану туралы 18.10.2018ж. Бас Прокурордың блогына түскен арызыңызды Шымкент қаласының прокуратурасы қылмыстық іс құжаттарын зерделеу арқылы қарады. Шымкент қаласы ПД-нің Еңбекші аудандық ПБ-і сіздің арызыңын негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен 11.07.2018ж. сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап, 20.07.2018ж. тергеп-тексеру мерзімін үзген. Тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы қаулы күнібұрын қабылдануына байланысты 23.10.2018ж. Еңбекші аудандық прокуратурасымен күші жойылған. Қазіргі таңда қылмыстық іс Шымкент қаласы ІІД-нің Еңбекші аудандық ПБ-мен тергелуде, тергеу нәтижесі мен қабылданған шешім туралы аталған бөлімнен хабардар боласыз. Сонымен бірге ҚР ҚПК-нің 99-бабының талабына сәйкес сіз іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы тергеушіге өтiнiш хатпен жүгіне аласыз. Осы жауаппен келіспеген жайғдайда, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік Кодексінің 106-бабының тәртібінде сотқа шағымдануға құқылысыз. Қала прокурорының м.а. М. Сабаншиев Б.Әли 54-08-41