Шымкент қаласының прокуратурасы 2019 жылды қорытындылап баспасөз-мәслихатын ұйымдастырды

18 January 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шымкент қаласының прокуратурасы 2019 жылды қорытындылап баспасөз-мәслихатын ұйымдастырды - 299848857

Шымкент қаласының прокуратурасы 2019 жылды қорытындылау бойынша бұқаралық ақпарат өкілдеріне арнап баспасөз-мәслихатын ұйымдастырды.

Онда қала прокурорының орынбасарлары қадағалау салаларына тоқталып, атқарылған жұмыс нәтижелерімен бөлісті.

Жиында сөз алған қала прокурорының бірінші орынбасары Манас Сабаншиев қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау саласына тоқталды.

2019 жылдың 12 айында қала аумағында криминогендік ахуал қылмыстық құқық бұзушылықтардың 16,1%-ға (16142/13550) төмендеуімен сипатталады. Қылмыстардың ашылуы 73,3%-ды құрады.

Прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерінде заңсыз ұсталып отырған 24 адамды босатып, құқықтарын қалпына келтірді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын орындаудың оңды нәтижесі ретінде прокуратураның ықпалымен полиция органдары 400 дана компютермен қамтамасыз етіліп, бүгінгі таңда тіркелген электронды қылмыстық істер саны 13 есеге артқан. Мысалы ҚР ҚК 190 бабы 3 бөлігімен электроды форматта арнайы прокурорлармен сотқа жолданған қылмыстық істің үкімі шығып, 15.10.2019ж. кінәлі тұлғаға 10 млн. теңге айыппұл салынған.

Қала прокурорының орынбасары Берген Ержаппар мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу саласы бойынша өткен мерзімде бірінші сатылы соттарда прокурорлардың қатысуымен барлығы 1885 іс қаралғанын атады.

5 адамға қатысты соттардың шығарған 3 ақтау үкімдері апелляциялық өтінішхаттармен бұзылып, айыптау үкімдері қабылданған. Ал, 88 адамға қатысты 58 үкім апелляциялық өтінішхаттармен заңдастырылды.

Осы мерзім ішінде калалық прокуратурамен кассациялық тәртіпте наразылық келтіру жөнінде 28 адамға қатысты 25 өтінішхаттар келтірілген, оның 12 адамға қатыстысы Жоғарғы Сотпен қанағаттандырылған.

Үкімдердің орындалуын қадағалау саласында сотталғанды жұмыспен қамту жағдайы 83,3% құраған. 737 жұмысқа қабілетті сотталғандардың 614 ақылы жұмыспен қамтылған.Прокуратураның ықпалымен түзету мекемелерде 10 жеке бизнес субъектілері өз кәсібін ашып,нәтижесінде 166 сотталған жұмыспен қамтылды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласына тоқталған қала прокурорының орынбасары Бахтияр Мұхамеджанұлы 2019 жылдың 12 айында 231 тексеру мен талдау нәтижесінде 36 854 тұлғаның конституциялық құқықтары қорғалып, 825 тұлға түрлі жауаптылыққа тартылған, мемлекетке 585 млн. теңге өндірілгенін атады.

Прокурорлардың бастамасымен 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталып, нәтижесінде 5 тұлғаға қатысты сот үкімдері шықса, 10 тұлғаға қатысты істер ақталмайтын негіздермен тоқтатылған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқытқаны үшін 4428 мұғалімнің жалақысына қосымша 62 млн. теңге, 623 мұғалімге ғылыми дәрежесі үшін қосымша 2,1 млн. теңге өндіріліп, конституциялық құқықтары қорғалды.

Қалалық прокуратурамен ұйымдасқан қылмыстық топанықталып, кінәлі тұлғалар құрықталған.

Мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау бағытын айта келе, қала прокурорының орынбасары өткен жылы прокуратурамен жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгеге салық төлеуден жалтару мақсатында  31 «бір күндік фирмалар» арқылы жалған шот-фактураларды жүзеге асырумен айналысқан  қылмытсық топ құрықталды.

Нәтижесінде прокуратура бастамасы негізінде басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша мемлекетке 88 млн. теңге шығынды өндіру қамтамасыз етілді.

Атқарушылық өндірісі саласында прокурорлық актілермен мемлекет пайдасына 1,4 млрд.теңге, жалақы өндіру бойынша 45,5 млн. теңге және алимент бойынша 83,2 млн.теңге өндірілді.

«Алимент төлеңіз» атты рейдтік іс-шарасын жүргізу нәтижесінде  13,1 млн. теңге қарыз берешегі өндірілді.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы