Жаңа жыл мерекелік бағдарламасы

27 December 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жаңа жыл мерекелік бағдарламасы - 990195842

Шымкент қаласының «Оқушылар сарайында» қала прокуратурасы қызметкерлерінің бүлдіршіндеріне арналған жаңа жылдық мерекелік шарасы өтті.

Безендірілген алып шыршаның маңына топтасқан балалар Аяз Атаны ерекше ықыласпен қарсы алды.

Жаңа жыл бүлдіршіндердің жыл он екі ай күтетін мерекесі . Бұл күндері олар түрлі кейіпте киініп ертегілер еліне саяхат жасайды. Бұл кештегі ертегі желісі тышқанды мыстан кемпірдің сиқырынан құтқаруға құрылды. Ол үшін балалар жағымсыз кейіпкердің талаптарын орындауы тиіс еді. Осыған әр бала өз өнерлерін ортаға салып,  қызықты ойындарымен бөлісті.

Мерекенің бас кейіпкері балаларды Жаңа жылмен құттықтап, тақпақ айтып, би билеген бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтарды тарту етті.

Өз кезегінде қала прокурорының орынбасары Берген Ержаппар, ата-аналар мен бүлдіршіндерді құттықтап, қала прокурорының ыстық лебіздерін жеткізді.

       

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

Жаңа жыл мерекелік бағдарламасы - 746242880
Жаңа жыл мерекелік бағдарламасы - 626465385
Жаңа жыл мерекелік бағдарламасы - 1626720640
Жаңа жыл мерекелік бағдарламасы - 1234372185
Жаңа жыл мерекелік бағдарламасы - 439008896
Жаңа жыл мерекелік бағдарламасы - 1026190135
Жаңа жыл мерекелік бағдарламасы - 246878884
Жаңа жыл мерекелік бағдарламасы - 48061412
Жаңа жыл мерекелік бағдарламасы - 1745595237